Елордада Конституция көшесі жартылай жабық тұр

730

Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлау ұсынылады.  

Елордада Конституция көшесі жартылай жабық тұр

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жол желісін орташа жөндеуі аясында Конституция көшесінде Қарталы көшесінен Есенберлин көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын  хабарлады.

"Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында осы учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу