ҚР Конституция күніне орай "Қазанат" ипподромында қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы ұйымдастыруымен бәйгеден республикалық турнир өтеді.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық шабандоз жиналады. Жарыс бағдарламасында 11 шақырымдық "ұшқыр", 18 шақырымдық "топ" және 25 шақырымдық "аламан" бәйге бар.
Көрермендер үшін кіру тегін, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу