Елордада Конституция күніне жоспарланған мерекелік шаралар өтпейтін болды

1263

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

Елордада Конституция күніне жоспарланған мерекелік шаралар өтпейтін болды

Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деген ескертуге орай қаланың ашық алаңдарында Конституция күніне орай жоспарланған мерекелік шаралары өтпейтін болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, 30 тамызда астанада Конституция күніне орай бірнеше мерекелік шара өтеді деп жоспарланған болатын:  Астаналық саябақта қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астындағы концерт, қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда спорт фестивалі және балаларға арналған "Саябақтың жеті ғаламаты" бағдарламасы. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу