Елордада "Көп балалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау, басталды деп хабарлайды zhilfond.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының "Тұрғын үй қоры" КММ сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдай бастады. Бұл бағдарламада "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар санатындағы тұрғын үй кезегіндегі көп балалы отбасылар қатыса алады.
Барлығы 251 пәтер, оның 184-і үш бөлмелі (65-85 ш.м.), 67-сі екі бөлмелі (60-70 ш.м.)
Құжаттарды 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ Р. Қошқарбаев даңғылындағы 39 үйде қабылдайды.