Алаш тас жолын жалғап тұрған көлік өткелінің жалғанған тұсы жарылып тұр, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.
Қазір көпірдің қалаға кіретін бөлігіндегі төрт жолақты жолдың екеуі ашық. Бірақ көлік көпірінен кептеліс туындады. Жүргізушілер көпірден өту қауіпті екенін айтады. Жағдайды полиция бақылайды. Әкімдіктегілер онсыз да апатты жағдайда тұрған нысанды жазда жөндеуді жоспарлаған. Алайда көпір оған дейін сыр берді. Айта кету керек, дәл осы көпірдің оң жақ бөлігі биыл жазда ғана жөнделіп біткен еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу