Елордада көпір құрылысын аяқтау жұмыстарына 1,2 млрд теңге жұмсалуы мүмкін

808

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. 

Елордада көпір құрылысын аяқтау жұмыстарына 1,2 млрд теңге жұмсалуы мүмкін

Нұр-Сұлтандағы көпір құрылысын аяқтау жұмыстарына шамамен 1,2 млрд теңге жұмсалуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Тапсырыс беруші – "Нұр -Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту" басқармасы мемлекеттік мекемесі. Атауы – автокөлік көпірінің құрылысы бойынша құрылыс жұмыстары;  қосымша сипаттама  Астана қаласының N27 көшесінің бойында Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы (нысанды аяқтау жұмыстары).  Жоспарланған сома – 1 180 856 010", –  деп жазылған мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды және 7 қыркүйекте аяқталады.

 "Жұмыс жобасының мақсаты-көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жыл бойы, Есіл өзені арқылы үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.  Эстетикалық тұрғыдан алғанда, көпір- Астана қаласының айналасындағы ландшафтың сәні", – деп жазылған байқаудың техникалық шарттарында. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу