Елордада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді

364

Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялаған.

Елордада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді Фото: Астана ТЖД

Астанада тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover көлігі өртенді, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің алдын ала мәліметінше, оқиға 9 тамыз күні болған.

"Сағат 13-54-те қалалық өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесіндегі паркингте автокөліктің жанып жатқандығы туралы кезекті шақыруға шықты. Оқиға орнына жеткен соң тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover маркалы көліктің жанып, қатты түтін пайда болғанын анықталды. Құтқарушылар өрт сөндіру барысында бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды. Тағы 150 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Өрт сағат 14:40-та ауыздықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу