Елордада Корея елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

1624

Бес қабатты ғимараттың құрылысы екі жылға созылып, желтоқсан айында аяқталды.

Елордада Корея елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік орнатудың 10 жылдығына орай Корея Республикасы елшілігі ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды elorda.info.

Салтанатты шараға АҚШ, Польша Республикасы, Нидерланды Корольдігі секілді бірқатар дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары, ҚР мемлекеттік органдары мен министрліктерінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласындағы корей диаспорасының өкілдері мен БАҚ қатысты.

Ашылу салтанатында Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик мырза мен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара қонақтары алдында сөз сөйлеген Е.Мұқаш елшілік ұжымын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, оларға табыс, сондай-ақ екі ел арасындағы әрі қарай жемісті ынтымақтастық тіледі.

Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик бес қабатты ғимараттың құрылысы екі жылға созылып, желтоқсан айында аяқталғандығын айтты. Жаңа ғимараттың тұсаукесерін 24 шілдеде өткізуді жөн көргендерін, Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шараның символдық мәнін атап өтті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу