Елордада коронавирус жұқтырған 43 бала емделіп жатыр

645

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 10 мыңнан астам бала індет жұқтырған, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Елордада коронавирус жұқтырған 43 бала емделіп жатыр

"Жансақтау бөлімшесінде жатқан бала жоқ. Жыл басынан бері балалар арасында коронавируспен ауырғандардың саны 10 мыңнан асты. Бұл – стационарлық және амбулаториялық науқастар. Оқу жылының басталуымен қала мектептерінің жанындағы медицина қызметкерлері нұсқама өткізіп, балаларға эпидемиологиялық талаптарды сақтау керектігін түсіндірді. Мектеп оқушыларымен қол тазалығы гигиенасын сақтау, бетперде кию маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасады", – деп толықтырды Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, балалар арасында аурудың өсімі жазда байқалған. 

"Маусым айынан бастап балалар интоксикация, қызба, катаральды белгілер сияқты айқын клиникалық белгілермен түсе бастады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, коронавируспен түскен барлық бала вакцина алмаған ересектердің үйінен шыққан. Отбасында үлкендер екпе алмағаннан кейін мұның салдары осындай болады",– деді Әлия Рүстемова.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу