Лондоннан келген шетелдік дипломат Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар қатарында, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
"Нұр Сұлтандағы коронавирус жұқтырған жаңа жағдайға бойынша тоқталсақ, бірі шетелдік, 1976 жылы туған дипломат, Нұр Сұлтанда жұмыс істейді. Ол бүгін түнде Лондоннан бізге ұшып келген",– деді Ахметшәріп журналистерге.
"Екіншісі - 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де ауруханада, олардың денсаулығы қанағаттанарлық", - деді ол.
Жексенбі күні таңертең Нұр Сұлтанда екі жаңа COVID-19 инфекциясы тіркелді. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта республикада коронавирустық инфекцияның 56 жағдайы тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 31, Алматыда - 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1.