Елордада коронавирус жұқтырғандарға көмек уақтылы көрсетілмей жатыр – ВАК

968

Нұр-Сұлтанда ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал мәселесі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада коронавирус жұқтырғандарға көмек уақтылы көрсетілмей жатыр – ВАК

Отырысқа премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысты.

Бүгінде елордадағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып отыр: соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық 43%-ға өсті, төсек-орын жүктемесінің артқаны және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады.

Кеңесте Денсаулық сақтау министрі тарапынан қаладағы емханаларында эпидемияға қарсы режимнің бұзылғаны, COVID-19 жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіні мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. 

Биылғы мамырда елорда бойынша халықты коронавирус қарсы иммундау көрсеткіші сәуірмен салыстырғанда  50%-ға төмендеген. 

Барлық анықталған кемшілік бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. 

Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу