Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40%-ға артқан

616

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жағымсыз жаңалықты жариялады. 

Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40%-ға артқан

Министр елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40%-ға артқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанда 22 маусымға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 410 523 науқас және 56 546 КВИ- жағдайы тіркелді. Қазақстан Республикасы "сары" аймақта. "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта тұр. Соңғы аптада коронавирус инфекциясымен ауыру өсімі 4%-ға артқаны байқалады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейінгі аптамен салыстырғанда тіркелген жағдайлар санының 40%-ға артуымен байланысты болды", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу