Елордада коронавируспен күніне 650-ге дейін науқас тіркелуде

714

Бір айдан астам уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл аймақта" тұр.

Елордада коронавируспен күніне 650-ге дейін науқас тіркелуде

Соңғы аптада қалада коронавирус ауруы өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті. Эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, қала бір айдан астам уақыт бойы "қызыл аймақта" тұр. Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 17%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 326,2 құрады", — деп хабарлады С.Бейсенова.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қала бойынша коронавируспен ауыратындардың саны 21 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 40 169 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні орташа есеппен тәулігіне 6500 зерттеу жүргізіледі.

Осы жылдың сәуір айындағы COVID-19 сырқаттанушылық көрсеткіші наурыз айындағы сырқаттанушылық деңгейінен 50%-ға, қаңтар-ақпан айларында 37,8%-ға асады.

"Коронавирус инфекциясын тіркеуді жалғасуының негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отыр. Нақтырақ айтқанда адам көп жиналатын орындарға бару, бетперде тақпау, сондай-ақ негізгі себептердің бірі амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауы болып саналады. Тыйым салынғанға қарамастан кісілер үй карантинін бұзуда. Бұл олардың Ashyq жобасына қатысушылардың нысандарына баруымен расталады, ол бойынша сәуір айында ғана үй карантинін бұзушылардың   200-ге жуығы, оның ішінде 89 науқас және 100 байланыста болған адам анықталды", – деп түсіндірді елорданың бас санитарлық дәрігері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу