Елордада коронавирустан қайтыс болған науқас ауруханаға ауыр халде түскен

794

2 тәуліктен соң көз жұмған.

Елордада коронавирустан қайтыс болған науқас ауруханаға ауыр халде түскен

Нұр-Сұлтан қаласында кеше 1950 жылғы туған бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Бұл елордада жұқпалы дерттен қайтыс болудың екінші жағдайы.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек, науқас 11 сәуір күні сағат 21:45-те жедел медициналық көмек бригадасымен провизорлық стационарға ауыр халде жеткізіліп, шұғыл ранимация бөліміне жатқызылған екен.

"Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті. Диагностика барысында тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмониямен асқынған КВИ-дың болуы расталды. 12 сәуірде науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22:20-де жүрек қызметі тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды",– дейді басқармадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу