Елордада коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылардың денсаулығы онлайн бақыланады

757

Симптомдар пайда болған жағдайда науқас ауруханаға жатқызылады.  

Елордада коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылардың денсаулығы онлайн бақыланады

Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері науқастардың денсаулығын онлайн бақылап, коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларының барлық мәселелері бойынша кеңес береді. Бұрған дейін індетті симптомсыз тасымалдаушылар үй карантинінде болуы керегі хабарланған болатын, дейді елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Дәрігерлер Zoom арқылы коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларымен онлайн-кездесулер өткізуі керек: сұрақтарға жауап беріп, олардың денсаулығын бақылап, пациенттердің өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануын қамтамасыз етуге тиіс. Науқаспен кері байланыс үшін басқа қарым-қатынас арналарын да қолдану мүмкіндігі бар. Симптомдар пайда болған жағдайда науқас ауруханаға жатқызылады. Вирус ешқайда кеткен жоқ, сондықтан қатаң санитарлық нормаларды сақтау керек. Індеттің жаңа толқынына дайын болайық", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 2644 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. 13 маусымдағы жағдай бойынша 1893 науқас (70%) емделіп шықты. Ауруханаларда 700-ден астам адам емделуде, олардың жартысында пневмония диагнозы расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу