Елордада коронавирустың 118 жағдайы тіркелді

464

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда коронавирустың 118 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елордада коронавирустың 118 жағдайы тіркелді

Қалада 294 төсек-орыннан тұратын 6 инфекциялық стационар жұмыс істейді. 

118 пациенттің 106-ынан COVID-19, ал 12 адамнан пневмония белгілері анықталған. Жансақтау бөлімінде 11 науқас ем алып жатыр. 

Жедел жәрдем бригадасына өткен тәулікте коронавирустық инфекция бойынша 8 қоңырау түскен. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1176 тұрғын коронавирусқа ПТР-тестілеу тапсырған. 

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда коронавирустық инфекция бойынша 338 адам үйден ем алып жатыр. Оның ішінде 29 бала, 33 жүкті әйел. 

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан қаласы "жасыл" аймақта тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу