Елордада коронавирустың бір тәулікте 450-ге дейін жаңа жағдайы тіркеледі

538

Елордада жыл басынан бері коронавируспен ауыратындардың саны 28 мыңнан асты. 

Елордада коронавирустың бір тәулікте 450-ге дейін жаңа жағдайы тіркеледі

Нұр-Сұлтанда CОVІD-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Бұл туралы онлайн-брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша екі айдан бері "қызыл" аймақта орналасқан. Қалада күніне 250-ден 450-ге дейін коронавирус ауруы тіркеледі.

"Жыл басынан бері қалада індет жұқтырғандар саны 28 мыңнан асты, ал пандемия басталғаннан бері 47 мыңнан астам жағдай тіркелді. Оның ішінде 32 мыңға жуығы — симптоматикалық және 15 мыңнан астамы — асимптоматикалық. Соңғы 12 күнде қалада сырқаттанушылық көрсеткіші 313,03-тен 258,75-ке дейін төмендеді. Бір апта ішінде COVID-19-дың 3075 оқиғасы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 8,5%-ға төмен", — деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Сархат Бейсенованың мәліметінше, бүгінде қалада инфекцияның 2 197 ошағы бар, оның ішінде: үй – 1538, ұйымдастырылған – 659. Ал байланыста болған бес мыңнан астам адам медициналық бақылауда тұр.

КВИ-мен сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі ересектер арасында — 78,7%, балалар — 18,3%, жасөспірімдер 3%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу