Елордада көше баскетболынан турнир өтіп жатыр

820

Елордада халықаралық Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында жастар арасында 3х3 форматында көше баскетболынан жарыс басталды. Бәсеке 29-30 мамыр күндері өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада көше баскетболынан турнир өтіп жатыр

"Бүгін халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 3х3 форматында баскетбол турнирін өткізудеміз. Іс-шараның мақсаты – жастар мен балаларға өздерін көрсетуге және осындай бұқаралық спорт түрін дамытуға мүмкіндік беру. Бүгінгі турнирде ересектер де ойнайды. Біз оларға қарап, жас ойыншылар көбірек жаттығады, спортпен шұғылданады, жаңа нәрселерді үйренеді деп санаймыз. Осындай турнирлерді болашақта да өткізуді жоспарлап отырмыз. Алматы ауданының әкімдігіне, Дене шынықтыру және спорт басқармасына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз", — дейді турнир ұйымдастырушысы Әлихан Керімжан.

Турнирге әртүрлі жас топтарынан 33 команда қатысуда:

– U16 (16 жасқа дейін) – 6 команда;
– U18 (18 жасқа дейін) – 7 команда;
– U23 (23 жасқа дейін) – 6 команда;
– Ерлер – 12 команда;
– Әйелдер – 2 команда.

"Нұр-Сұлтанда стритболдан жастар ойынына қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, себебі осындай турнирлердің арқасында спорттың бұл түрі дамып келеді", – дейді турнирге қатысушы Елнұр Альбаков.

Турнир жеңімпаздары 30 мамыр күні кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу