Елордада көше шамдары светодиодты шамдарға ауыстырылып жатыр

1865

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды. 

Елордада көше шамдары светодиодты шамдарға ауыстырылып жатыр

Елордада көше шамдарын светодиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Көше шамдарын светодиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Светодиодты шамдар көше шамдарымен салыстырғанда бірнеше есе үнемді әрі қуаты әлдеқайда жоғары. Демонтаждалған шамдар жарығы жоқ жерлерге орнатылуда. Осы бағыттағы жұмыстарды елорданың барлық аудандарында тұрақты негізде атқарамыз", - деп жазды А.Көлгінов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу