Елордада Қошқарбаев даңғылындағы учаске 20 тамызға дейін жартылай жабылады

441

Онда жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Елордада Қошқарбаев даңғылындағы учаске 20 тамызға дейін жартылай жабылады

9 тамыздан бастап 20 тамызға дейін Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылады, деп жазады inbusiness.kz қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

"Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде Рақымжан Қошқарбаев даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталғаны туралы хабардар етеміз. Осыған байланысты 9-20 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады", - делінген хабарламада.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу