Елордада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

2085

Барлық өнім Астананың сауда орындарындағы бағалардан төмен сатылады. 

Елордада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1-2 қыркүйекте Елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Республика аймақтарының қатысуыменауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2 күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорыны ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден астам өнім сатылады: мал етінің барлық түрлері – 50 тонна, сүт өнімдері – 35 тонна, шұжық өнімдері және жартылай дайындалған өнімдер – 20 тонна, жарма және макарон өнімдері – 30 тонна, қартоп және көкөністер – 60 тонна, нан және кондитер өнімдері – 20 тонна, жұмыртқа – 20 тонна, ұн – 50 тонна, және тағы басқа.

Барлық өнім Астананың сауда орындарындағы бағалардан төмен сатылады. Жәрмеңкені өткізу орны "Қазақстан" спорткешені (Мұнайтпасов көш., 9) алаңы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу