Елордада ковидтік госпиталь ретінде жабылған ауруханалар бұрынғы қызметіне оралады

520

Елордада осы жазда ковидтік стационарларға тартылған қалалық ауруханалар кезең-кезеңімен бұрынғы қызметіне оралады. Осылайша, бүгіннен бастап №3 көпбейінді қалалық аурухана пациенттерді жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де қабылдайтын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жаса

Елордада ковидтік госпиталь ретінде жабылған ауруханалар бұрынғы қызметіне оралады

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекциясының төмендеуіне байланысты елордада бұрын жұқпалы ауруханалар ретінде бейінделген бес стационар ковидтік госпиталь ретінде жабылды.

Бұрын ковидтік аурухана ретінде жұмыс істеген Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы, Қалалық психикалық денсаулық орталығы әдеттегідей пациенттерді қабылдайтын болады. Ал Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының бір блогы әлі де жұқпалы болып саналады, онда КВИ және вирустық пневмониямен ауыратын науқастар емделіп жатыр.

"Біз жұқпалы аурулар ауруханаларын жауып, азаматтардың бұрынғыдай медициналық көмек ала алатынына қуаныштымыз. Жағдай тұрақталды, бірақ қуануға әлі де ерте. Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда да санитарлық нормалардың сақталуын ұмытпау керек. Жаздағы жағдайдың қайталанып, ауру көрсеткіші артқанын қаламаймыз. Мұның бәрі өзімізге байланысты. Есіңізде болсын, вирус толығымен жойылған жоқ", - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, №3 көпбейінді қалалық ауруханадағы клиникалық блоктың травматологиялық бөлімі 10 қыркүйектен бастап жарақат пункті ретінде жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу