Елордада кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды

541

26 тамызда ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап.  

Елордада кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтың үстінен бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағында 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

Іс материалындағы түсініктемеге сәйкес, азамат М. өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен келіспейді. Ол өзінің іс-әрекетін басындағы проблемаға назар аударту мақсатында жасағанын түсіндірген.

Сот азамат М-ны ӘҚБтК 434-бабы 1-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасады деп таныды және 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу