Елордада Крещение діни мерекесінің шомылу рәсіміне тыйым салынды

1042

Ел астанасында коронавирусқа қатысты эпидахуалдың нашарлауына байланысты Крещение діни мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Елордада Крещение діни мерекесінің шомылу рәсіміне тыйым салынды

Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

"Қалада эпидахуалдың күрделілігіне байланысты Крещение қарсаңында шомылу өткізілмейді. Бұл – қаланың бас санитар дәрігерінің шешімі", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Православ христиандарында бұл діни мейрам жыл сайын 18 қаңтардың кешінен басталып, 19 қаңтарға ұласады.

Ал су айдындарында орналасқан ойықтарда шомылу рәсімі дәл мереке күні немесе кейінгі күндері де өткізіле береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу