Елордада күніне 300-600 адам коронавирус жұқтырып жатыр

618

Қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. 

Елордада күніне 300-600 адам коронавирус жұқтырып жатыр

Елордада күніне коронавирус жұқтырудың 300-600 жағдайы тіркеліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қала 1,5 ай бойы "қызыл аймақта" тұр. Күніне коронавирус жұқтырудың 300-600 жағдайы тіркеліп жатыр. Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз", - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 60 мыңнан асқан.

"Пандемия басталғалы бері елордада COVID-19-ды жұқтырудың 44 562 дерегі тіркелді", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері.
Сонымен қатар ол қалада сырқаттанушылық көрсеткіші төмендегенін атап өтті.
"Соңғы 6 күнде қалада 100 мың тұрғынға шаққанда апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін төмендеді. Мәселен, бір аптада коронавирус жұқтырудың 3 371 дерегі тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 11%-ға төмен", - деді Сархат Бейсенова.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған 5 572 адам бақылауда екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол қала тұрғындарына карантин талабын қатаң сақтап, маска тағып, адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 44 562 адам коронавирус жұқтырды, 38 175 науқас дертінен айықты.

Еліміз бойынша жалпы 3638 адам аурудан қайтыс болды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу