Елордада құны 500 мың теңгеден асатын скутерді ұрлап кеткен тұрғын ұсталды

398

Келтірілген залал 520 мың теңгені құрады. 

Елордада құны 500 мың теңгеден асатын скутерді ұрлап кеткен тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Елорда тұрғыны полицияға М8 49 СС маркалы скутері жоғалып кеткендігі туралы өтініш білдірген. Оның айтуынша, Е-753 көшесінде орналасқан үйінен шыққан кезінде аулада тұрған екі дөңгелекті көлігін таппай қалған.

Заңсыз иемденген скутермен көше кезіп жүрген, 18 жастағы астаналық жас жігітті қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталған жас жігіттің елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, көлік құралын қараусыз мүлдем қалдырмауға ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу