Елордада қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, байқау екі күнге созылған.
"Елімізде жылдан-жылға қарилар қатарының көбейіп келе жатқанына куә болып келеміз. Осының бәрі әуелі Алла, кейін бабаларымыз аманаттап кеткен егемендігіміздің арқасы деп білеміз. Жаратқан иеміз әр шаңырақтан қарилардың шығуын нәсіп етсін!", – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазылар алқасының шешімімен жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:
"20 пара" бойынша:
1-орын (800 000 теңге) – Мадина Исраилова (Шымкент қаласы, 18 жаста)
2-орын (600 000 теңге) – Замира Байбакова (Түркістан облысы, 25 жаста)
"30 пара" бойынша:
1-орын (1 300 000 теңге) – Раййана Сулейманова (ШҚО, Семей, 17 жаста)
2-орын (1 000 000 теңге) – Әлима Құрманәлі (Түркістан облысы, 19 жаста)
Бас мүфти жеңімпаздарға және байқауға қазылық жасаған қари-ұстаздар Сәдуақас Олжабай (төраға), Серік Ахметов, Арайлым Қуатова, Зейнеп Әбдірасыл және Еңлік Қасымоваға алғыс хат табыстады.
Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі