Астанада қатты желден құрылыс алаңында жұмыс істемей тұрған кран құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 18 маусымда, шамамен сағат 19:50-де, "GREENLINE. ASYL mura" тұрғын үй кешені құрылысы алаңында (мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулары) Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысы) қолайсыз ауа-райынан, атап айтқанда, күшті желдің салдарынан жұмыс істемейтін КБ – 401 краны қасында тұрған кранға құлады. Крандар INVEST City ЖШС-ға тиесілі", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің инспекторы жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.