Елордада құрылысы ұзаққа созылған 2 тұрғын үй пайдалануға берілді

985

Конституция күніне орай 255 отбасы баспаналы болды.

Елордада құрылысы ұзаққа созылған 2 тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған "Куршавель", "Шығыс ЗБ" тұрғын үй кешендері пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Шығыс ЗБ" тұрғын үй кешенінің құрылысының аяқталуын 120-дан аса отбасы 6 жыл күткен. Аталған көппәтерлі тұрғын үй кешенінің басқа блогын салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ "Куршавель" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2020 жылғы қарашада қайта басталған. Бұл уақытта нысанның тек 40% салынған, инженерлік желілер тартылмаған болатын. 

Ата заң күніне орай аталған кешеннің 135 үлескері баспаналы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу