Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған ауқымды "Шығыс" тұрғын үйі аяқталуда. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады. Онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы. Бірінші кезекте "Шығыс" ТК құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерлерінде тұрып жатыр. Ал құжаттарды ресімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Осылайша, 7 500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі таңда "Шығыс" ТК 2 және 3-кезектегі 1 047 үлескерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілттері беріліп жатыр.
"Шығыс" ТК қалған 1 058 үлескерінің төртінші және бесінші кезегінің мәселелерін екінші деңгейлі банкпен және инвестормен "қоныс аудару" жобасы бойынша жасалған келісім аясында шешу жоспарланып отыр. Ал 4, 5-кезектегі және 2Б үлескерлері "Шығыс" ТК, сондай-ақ "Жағалау-4" ТК 1-полигон, 2-полигон дайын тұрған "Шығыс" ТК 3А және 3Б нысанына көшіріледі.
Осылайша, биыл 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 7 500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі.
2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады. 2022-2023 жылдары құрылысы ұзаққа созылған қалған үйлерді аяқтау жоспарланып отыр. Ұзақ құрылыстың әрбір нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.