Елордада күтуші қыз зейнеткердің 2,5 млн теңгесін жымқырған

454

Бұл туралы  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада күтуші қыз зейнеткердің 2,5 млн теңгесін жымқырған Фото: google

Полицияға алаяқтық фактісі бойынша 73 жастағы зейнеткер арызданған.

Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында қыздың егде жастағы әйел адамның үйінде күтуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Күдікті банктің мобильді қосымшасына зейнеткердің атынан кіріп, коммуналдық төлемдерді жүзеге асыру сылтауымен шотта жиналған қаражаттан 2,5 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыс бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу