Елордада КВИ мәселесіне қатысты 705-103 байланыс-орталығы ашылды

755

Ол коронавирустік инфекцияға қатысты сұрақтарға жауап береді. 

Елордада КВИ мәселесіне қатысты 705-103  байланыс-орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директоры Мұрат Оразбаев жедел жәрдемге қоңырау шалудың қиындау себебін түсіндіріп, қандай шаралар атқарылып жатқанына тоқталды.

"Жедел жәрдемге қоңырау шалу саны 4 есе артқандықтан 103 нөміріне жүктеме ұлғайды. Сол себепті 103 пультін көбейттік, сондай-ақ 705-103 контакт-орталығын ұйымдастырдық. Елорда тұрғыны осы нөмірге қоңырау шалып, коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтарға жауап ала алады. Осылайша 103 желісін жеңілдетеміз", – деп түсіндірді Мұрат Оразбаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу