Елордада қылмыстық топтың жетекшісі және криминалдық авторитет ұсталды

901

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық авторитетті ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Елордада қылмыстық топтың жетекшісі және криминалдық  авторитет ұсталды Фото: google.com

Олар биылғы жылдың сәуір айында елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдікке іліккен, сол кезде екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген күдік бар. Күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген, төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу