Елордада қымбат автокөліктердің айнасын ұрлап жүргендер ұсталды

659

Ұсталғанның пәтерінен қымбат автокөліктерден ұрланған 5 фара жиынтығын, әртүрлі автокөлік маркаларының 18 бүйірлік айнасы және басқа да аксессуарлар тәркіленді. 

Елордада қымбат автокөліктердің айнасын ұрлап жүргендер ұсталды

Полицейлер қымбат автокөліктердің бүйірлік айналары мен фараларын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Өткен аптада полицияға түнгі уақытта автомашинаның бүйірлік айналары мен фараларын ұрлау фактісі бойынша азаматтар шағымданды. Криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмыс түрі бойынша автомашиналардан жиі ұрлық жасалатын орындарды анықтады. Аталған ұрлық жасайтын тұлғаларды ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін полиция қызметкерлері автомашиналардан ұрлық жасалуы ықтимал жерлерді қамтитын түнгі рейдтерге шықты. Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында жедел қызметкерлер елорданың 35 жасар тұрғынын байқаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні түнде кезекті ұрлық жасап жатқан кезде ұстады", – делінген ведомствоның хабарламасында. 

Тергеу іс-шараларын жүргізген кезде полицейлер ұсталғанның пәтерінен қымбат автокөліктерден ұрланған 5 фар жиынтығын, әртүрлі автокөлік маркаларының 18 бүйірлік айнасын және басқа да аксессуарларды тәркіледі. 

Сондай-ақ ұрлық жасаған орындардан жұлып алған 9 бейнебақылау камерасы тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу