Елордада Қырғыз Республикасының мәдениет күндері өтіп жатыр

603

Мәдениет күндері 29 қазанға дейін жалғасады.

Елордада Қырғыз Республикасының мәдениет күндері өтіп жатыр Фото: gov.kz

Астанада Қырғыз Республикасының мәдениет күндері өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

27 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Бастау" көрмесінің ашылуы өтеді. Мұнда қырғыз өнері шеберлерінің шығармаларымен танысуға болады.

Бұдан бөлек қырғыз өнер шеберлерінің гала-концерті, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры театрының фойесінде Қырғызстанның тарихи-мәдени мұрасы мен қолөнерінің көрмесі де өтеді.

28 қазанда "Манас" эпосына арналған іс-шара және Нұрдин Түгелов атындағы "Ақ Марал" мемлекеттік би ансамблі мен Чалагыз Исабаев атындағы "Камбаркан" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті жоспарланған.

29 қазанда мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы өтеді.

Ақпаратқа сәйкес, ол күні Токтоболот Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының "Саманшын жолу" спектаклі көрсетілмек.

Айта кету керек, 26 қазанда елордадағы "Керуен" СОО-да қырғыз киносы күндерінің ашылуы болып, "Акыркы көч" (режиссер Мұқұл Б.), "Дарак ыры" (режиссер Дайырбеков А.), "Шамбала" (режиссер А. Суйундуков), "Көл" (режиссер А. Суйундуков) кинокартиналары ұсынылды. Сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапханада "Түркі әлемінің қос алыбы: Әуезов және Айтматов" форумы өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу