23 қарашадан бастап әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері елорда мен еліміздің өңірлерінен келген тауарөндірушілер қатысатын қысқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке әрбір сенбі және жексенбі күндері "Зейд" сауда үйі эко-базары алаңында (Ш.Уалиханов және Ағыбай батыр көшелерінің қиылысында) және "Аспан базар" сауда үйі (Қошқарбаев к-сі 37, Жұмабаев көшесінің қиылысы) мекенжайыларында өткізіледі.
Жәрмеңкеде жеміс-көкөніс өнімдері, сиыр еті мен жылқы еті, құс еті, сүт және балық өнімдері республиканың өңірлеріндегі тауар өндірушілердің бағалары бойынша сатылады.