Әуесқой шаңғы жарысын Самат Ерғалиев ашты, ол қатысушылармен бірге бір километрді жүріп өтті. Сонымен қатар шара аясында еліміздің 17 қаласымен телекөпір ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, арқан тарту және белбеу күресі сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Елордада ауа райына қарамастан, жарысқа 600-ге жуық адам жиналды. Ал түрлі санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу