Елордада "қызыл" статусы бола тұра оқшаулау режимін бұзғандар анықталды

605

Оларға ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.  

Елордада "қызыл" статусы бола тұра оқшаулау режимін бұзғандар анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесі анықталғаннан кейін карантиндік шектеулерді, сондай-ақ екі апталық өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатындар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Карантинді бұзушылар "ASHYQ" жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды. Соған сәйкес, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. 

Бұл азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін саналы түрде бұзғанын және сол арқылы басқа адамдардың қоғамдық денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеміз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу