Мәнерлеп сырғанаудан "Challenger" бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығына жоспарланған. "Барыс Аренада" өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) аясында аталған жарыс екінші рет ұйымдастырылмақшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу