banner

Елордада марафонға байланысты жолдар жабылады

553

Марафон өтетін сағат 07:00 – 13:00 аралығында қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Елордада марафонға байланысты жолдар жабылады

Ертең астанада жыл сайынғы "Astana Marathon 2022" халықаралық марафонының өткізілуіне байланысты жолдар жабылып, автобус маршруттары өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1) 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 километр қашықтық:
"ЭКСПО" аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр – Ұлы Дала – Нәжімеденовке дейін, кейін Ұлы Далаға кері бұрылып, К1 – Оңтүстік және оңтүстік-батыс айналма жол – Қарқаралы – Қабанбай батыр – Хусейн бен Талал – Қабанбай батыр – Рысқұлов тасжолымен жүгіреді. Мәре сызығы - "ЭКСПО" аумағы.

2) 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 километр қашықтық:
"ЭКСПО" аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр көшесі – "Будапешт" тұрғын үй кешені ауданында кері бұрылып, Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Рысқұлов тасжолымен жүгіреді. Мәре - "ЭКСПО" аумағы.

Сондай-ақ, қала ішінде және қала маңына жүретін қоғамдық көліктің маршруты өзгереді: олар - №43, 46, 47, 51, 53, 54, 60, 70, 302, 303, 308, 309, 320, 323.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу