Елордада марафоншы Марат Жыланбаев қамауға алынды

1017

Қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тиісті шешім шығарды.

Елордада марафоншы Марат Жыланбаев қамауға алынды Фото: bizmedia.kz

Астанада белгілі марафоншы әрі белсенді Марат Жыланбаев 2 айға қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz. 

"25 мамыр күні Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады", - деп хабарлады Астана қалалық соты.

Марат Жыланбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ультрамарафоннан халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері. Ол 7 рет әлемдік рекорд орнатқан. 

Марафоншының тіркелмеген оппозициялық партияның жетекшісі екендігі айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу