Елордада мас күйдегі жүргізуші ұсталды

508

28 жастағы қала тұрғыны екінші рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.  

Елордада мас күйдегі жүргізуші ұсталды Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері жүргізушіні сағат 02:30-да Бесшатыр көшесінде Audi 80 көлігімен тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары құжаттарды тексерген кезде жүргізушінің 2021 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтаған. Алайда, жүргізуші өткен жылы көлікті басқару құқығынан айырылғанымен, қайтадан мас күйде рөлге отырып, ол үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жауапқа тартылды. 

Қазіргі уақытта жол қозғалысын қасақана бұзушы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы – 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, шектеуге немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетсек, сәуір айының басынан бері елордада 77 мас жүргізуші ұсталса, биылғы жылдың басынан бері 500-ден астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу