Елордада мас күйінде көлік жүргізген әйел сотты жүктімін деп алдаған

228

Сот күдіктіні 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Елордада мас күйінде көлік жүргізген әйел сотты жүктімін деп алдаған Фото: pixabay.com

Астана қаласының прокуратурасы 350-ден астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 43 әйел бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын басқа да әрекеттер жасайтыны бар.

Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамалмас үшін сотқа жүктілігі туралы анықтама берген, ол жалған болып шықты. 

Сот 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Жалған құжат пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әкімшілік заңнаманың нормаларына сәйкес көлік құралын алкоголь, есірткі және уытқұмар мас күйінде басқару 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға және көлік құралын басқару құқығынан 9 жылға дейін айыруға әкеп соғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу