Елордада мас жүргізуші 3 баланы қағып кетті

529

Зардап шеккен адамдар әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.  

Елордада мас жүргізуші 3 баланы қағып кетті

Бүгін сағат 21:03-те «Мазда» маркалы автокөлігіне отырған 1986 жылғы жүргізуші 2001, 2002 және 2018 жылы дүниеге келген балаларды қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Көлік жүргізушісінің орташа деңгейдегі ішімдік ішкені анықталды. Осы мәселеге байланысты ҚР қылмыстық істер жөніндегі 345 бабы бойынша іс қозғалды. Кінәлі азамат уақытша қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу