Нұр-Сұлтанда маса, шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция екі ауысымда жасалып жатыр. Мәселен, аумақты масадан тазарту жоспары 20%, ал су қоймаларын тазарту жоспары 25% ұлғайған. Масаға қарсы 230 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылды.
Ауқымды жұмысқа энтомолог мамандар мен дезинсекторлар жұмылдырылды.
Су айдындарын тазартуға ерекше мән беріледі. Жұмыс шыбын-шіркейдің көбейетін жерлері мен елорда айналасындағы қорғаныс тосқауылдарында жүреді. Сонымен бірге қаланың ішіндегі аулалар мен қоғамдық орындар (көшелер, сабақтар мен гүлзарлар) заласыздандырылады.
"Таяз су айдындарын өндеудің екінші кезеңін бастадық. Қазірдің өзінде 400 гектар тазартылды. Бұл масалардың дернәсіл түрінде су айдындарынан ұшып кетуіне жол бермеу үшін жасалады", – деді "Елордалық дезинфекция" ЖШС-нің Сарыарқа ауданы бойынша меңгерушісі Антонина Маслова.
Маса мен шіркеймен тиімді күресуде мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандары, сауда үйлері мен т.б. жерлерді дер кезінде дезинсекциялау маңызды.