Нұр-Сұлтан қаласында маса және басқа жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Мамандар бірнеше бағытты қамтыды. Олар су қоймасы мен жертөлелерді өңдеп жатыр.
"Маса көп шығатын жерлерді дезинсекциялауға баса көңіл бөлініп отыр. Бұл масса және шіркей санын азайтуға мүмкіндік береді. Дезинсекция жұмыстары көшелер мен адам көп жиналатын орындарда басталды. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда, көшелерде жүргізіледі", – деп атап өтті мамандар.
Масамен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлесін, мектеп пен балабақша аумағын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін және т.б. заларсыздандыру маңызды. Биыл масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ға, су қоймаларын өңдеу 25%-ға артты.