banner

Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды

920

Дезинсекциялық жұмыстармен тұрғын үйлердің жертөлелері, мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, базарлар, сауда үйлері мен т. б. аумақтар қамтылады.

Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды

Нұр-Сұлтан қаласында масалар, мүк және басқа да жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезеңде бұл жұмыстар жертөле және су қоймаларында атқарылуда. Жұмыстар таңғы және кешкі уақытта жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспеасөз қызметі.

"Биыл қар көп болды. Сондықтан су қоймаларында су мөлшері де көп. Біз сол жақтарда жұмысты жүргізетін боламыз, мақсатымыз – дернәсіл кезеңінде масалардың санын азайту. Биылғы жылы масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты", – деді "Астаналық дезинфекция" ЖШС директорының орынбасары Бекболат Талгарбеков.

Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда, көшелерде жүргізіледі. Сондай-ақ, дезинсекциялық жұмыстармен тұрғын үйлердің жертөлелері, мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, базарлар, сауда үйлері мен т. б. аумақтары қамтылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу