Елордада Мәскеу көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

601

Орташа жөндеу жұмысы Мәскеу көшесінде Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі. 

Елордада Мәскеу көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды Фото: gov.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәскеу көшесінде орташа жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Орташа жөндеу жұмысы Мәскеу көшесінде Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі. 

Осыған байланысты биыл 28 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс жабылатын болады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу