Елордада маусым айында үш айдың жауыны жауған

880

Бүгін елорда тұрғындары үшін синоптиктер жаңбыр, найзағай, сондай-ақ екпінді жел болады деп отыр. 

Елордада маусым айында үш айдың жауыны жауған

27 маусымда елордада 39 мм жауын-шашын мөлшері түсті, ал айлық норма – 37 мм. 25 маусымда "Қазгидромет" РМК өңірде қатты жауын-шашын мен қатты жел туралы дауылды ескерту жариялап таратқан болатын. Елорда мен облыс тұрғындарын 27-28 маусымда қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді деген ықтималдылығы 90% хабарламамен ескерткен болатын. 27 маусымда күндіз және 28 маусымда тәулік бойы жел, екпіні 15-20 м/с. 27 маусымда күндіз ауа температурасының 10-12 жылыға дейін төмендеуі.

Нұр-Сұлтанда нақты түскен жауын-шашын мөлшері айлық нормадан жоғары. Ал 1-28 маусым аралығында елорданың өзінде 96 мм жауын-шашын мөлшері түскен, бұл шамамен үш айлық нормаларға теңестіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айындағы консультативтік болжамында бір ай бойы циклондар мен антициклондар жиі ауысып, жауын-шашынсыз ыстық күндер, жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райымен алмасатын болады деп күткен.

Сондай-ақ бүгін елорда тұрғындары үшін синоптиктер жаңбыр, найзағай, сондай-ақ екпінді жел болады деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу