Үркер елдімекенінде хоккей корты салынып, қазір ол жерде мұз айдыны ашылды. Мұнда балалар тек хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Көктемде хоккей корты футбол алаңына айналады. Сондай-ақ, балалар алаңы аумағында жаттығу құрылғысы, workout аймағы бар. Әрбір осындай кешен инклюзия элементтерімен қамтылған – ерекше қажеттіліктері бар балалар да осы алаңдарда ойнай алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу